Бердібек Сапарбаев мемлекеттік қызметке орала ма? (видео)
Мамыр айының соңында Жамбыл облысының бұрынғы әкімі Бердібек Сапарбаев мемлекет басшысының қабылдауында болған еді. Осыдан кейін оның мемлекеттік қызметке қайта оралатыны туралы қауесет пайда болды. Осы сұрақтарға Сапарбаев өз аузымен Liter басылымының журналистеріне жауап берді, деп жазады kznews.kz сайты Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Жамбыл облысының бұрынғы әкімі президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен не туралы сөйлескенін айтты.
«Қазір айтылып жатқан әңгіме көп. Бірақ мен мемлекет басшысымен қандай да бір лауазымдарды талқыламадым. Мен жай ғана өз пікіріммен бөлістім. Менің мемлекеттік қызмет пен басқаруда тәжірибем бар екенін білесіздер», – деп жауап берді бұрынғы әкім.
Бердібек Сапарбаев сондай-ақ мемлекеттік қызметке оралуы туралы қауесетке пікір білдірді.
«Ешқандай ұсыныстар жоқ. Мен қазір балаларыммен бірге үйдемін. Егер менің тәжірибем, білімім Отаныма, халқыма қажет болса, онда әрине, Отаным мен халқым үшін мемлекеттік қызметте қайта істеуге дайынмын. Бірақ ешқандай облысқа барайын деп жатқан жоқпын», – деді ол.
https://www.youtube.com/watch?v=6W0GQMOFk4M