белсенді Қостанай көшелері туралы көркем фильм түсірді

0
10

Өңірлер

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Қала тұрғыны Мәуленов, Алтынсарин, Калбышев және Чкалов көшесіндегі асфальттың жай-күйінне қатысты фильм түсірді

НҰР-СҰЛТАН, 16 мамыр – Sputnik. Қостанайлық белсенді Тоқтар Мамедов бейбіт күнде бұзылған жолдарды назарға ала отырып, соғыс стилінде қысқа метражды көркем фильм түсірді.

Ол осылайша қала жолдарының жағдайына көпшіліктің назарын аударғысы келеді.

«Ұлы Отан соғысындағы жеңістен бері 75 жыл өтті, бірақ Қостанай жолдары әлі де ұрыс даласына ұқсайды. Қазір тек автокөлік иелері ғана жол шұңқырларына қарсы», – деп жазды ол өзінің Instagram парақшасында.

Автор қаладағы Мәуленов, Алтынсарин, Калбышев және Чкалов көшесіндегі асфальттың жай-күйін түсіріп, бұл декорация емес екенін атап өткен. Әскери киіммен қала көшесінде жүгірген белсенді видеоға тек жарылыс эфектілерін қосып, ой-шұқырға «жасырынады».

«Биыл қала жолдарында шұңқырлар мен соқпалардың рекордтық саны тіркелді, соның салдарынан көлік жүргізу қауіпке айналды. Мұндай жағдайда танкке ауысу керек немесе жаяу жүру әлдеқайда тиімді», – дейді Мамедов.

Оның айтуынша, 2020 жылы Қостанай облысындағы жолдарды жөндеуге бірнеше миллиард теңге бөлінген. Белсенді бюджеттің қалай игерілгені жолдың сапасына қарай айқындалатынын айтады.

Оқи отырыңыз: «Қайта жөндейсіздер»: Көлгінов жол салушыларға ескерту жасады

Айта кетейік, бұл Мамедовтің алғашқы жұмысы емес. Наурыз айында ол жол шұңқырының жанына «Бұл жерде асфальт болған. Қостанай. Көктем–2020» деген жазуы бар «ескерткіш» пен гүл қойған.



sputniknews.kz