Белльюді нокаутқа жіберген Усик абсолютті чемпион атағын сақтап қалды (видео)

0

Украиналық боксшы Александр Усик ауыр салмақтағы әлемнің абсолютті чемпионы атағын сәтті қорғап шықты. Бұл туралы Риа Новостиге сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

korrespondent.net

Фото:korrespondent.net

Чемпиондық атаққа үміткер британдық Тони Беллью еді.

31 жастағы чемпион Белльюді 8-ші раундта нокаутпен жеңді. Бұл украиналық спортшының 16-шы жеңісі, оның 12-сін ол нокаутпен аяқтаған.

Қазіргі таңда Александр Усик жеңілмеген чемпион болып табылады. Оның қарсыласының рекорды 30 жеңіс, 2 жеңіліс және бір тең түсуден тұрады.

Усик аса ауыр салмақта осындай нәтижелерге қол жеткізген кезде мансабын аяқтайтынын мәлімдеді.

https://www.youtube.com/watch?v=gqVcWeDoSk8