Белгісіз жәндік Ақтау тұрғындарының зәресін алды

0

Бұрын-соңды ешкім көрмеген жәндік Ақтаудағы көпқабатты үйдің қабырғасына өрмелеп бара жатқан

НҰР-СҰЛТАН, 5 сәуір – Sputnik. Ақтау тұрғыны белгісіз бір жәндікті фотоға түсіріп алды, деп хабарлайды «Лада» порталы.

Алтыншы шағын аудандағы №10 көпқабатты үйдің қабырғасында өрмелеп бара жатқан жәндікті тұрғындар бұрын-соңды көрмеген екен. Ақтаулықтардың бірі беймәлім тіршілік иесін суретке түсіре қойып, басылымның редакциясына жолдайды.

Тұрғындардың зәресін алған белгісіз жәндік

Басылым оқырмандарының бірі жазғандай, суреттегі белгісіз жәндік шегірткенің бір түрі болуы әбден мүмкін.

 

«Осныдай жәндікті даладан көргенмін. Шегірткенің бір түрі», — деп жазды ол.

Ақтау тұрғыдарын толғандырған сауалға мамандар ғана нақты жауап бере алады.



sputniknews.kz