Белгісіз хакерлер ЕО елдерінің дипломатиялық хаттарын ұрлап келген

0

Батыс ақпарат құралдарының кешегі хабарына қарағанда, белгісіз хакерлер тобы Еуропа Одағына мүше елдерінің байланыс арналарын талқандап кіріп, ондағы дипломатиялық хаттарды көп жылдар бойы оқып, жариялап келгені мәлім болды. Хакерлер жағынан АҚШ, Ресей және Қытай саясаты немесе сол елдердің лидерлері туралы жазылған хаттар көбірек ұрланған.

АҚШ-тағы The New York Times басылымының айтуынша, дипломатиялық хаттардың ұрланып жатқанын кибер-қауіпсіздік қызметін атқарып отырған компания анықтап шыққан. Аталған компанияның мәліметіне сүйенсек, ұрланған хаттардың көп бөлегі Ресей туралы, айталық Путин мен Трамптың Хельсинкиде өткен кездесуіне қатысты хаттар екенін айтады.

Хакерлер ұрлаған хаттардың енді бірқатары ЕО елдерінің лауазымды тұлғалары мен Қытай басшысы Ши Жинпиң арасындағы хат-хабар, пікір алмасу, ой-пікір бөліскен дипломатиялық жазбалар. Бұл хаттардың бірінде Қытай басшысы Трамптың Бейжіңге қаратқан сауда соғысын сынап, мінегені де айтылады.

Америкалық басылым ЕО елдерінің дипломатиялық хаттарына қол салған желі ұрыларының жұмыс тәсілі Қытай армиясының кибер-шабуыл тәсілдеріне ұқсап кететінін айтады. Еуропалық елдердің барынша қорғалған арналарынан хаттарды ұрлап алып, оны хакерлер ашқан сайттарда жариялап тұрған.

Хакерлік шабуылдардан әлем елдері, халықаралық ұйымдар, тіпті Біріккен Ұлттар Ұйымы да зардап шегіп жатқаны айтылады.

“The Qazaq Times”

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз