белгісіз біреулер банкті жарып жіберді
Қысқа сілтеме алу
Оқиға орнында тергеушілер жұмыс істеді, жарылыстың мән-жайы мен ұрланған ақшаның сомасы анықталып жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 30 қараша – Sputnik. Киевтің Днепр ауданында сенбі күні таңертең белгісіз екі адам Ощадбанктің бөлімшесін жарып жіберді, деп хабарлайды РИА Новости.
Ғимараттың витринасы мен мүліктің бір бөлігіне зиян келді. Жарылыстан банктегі ақша жан-жаққа ұшқан.
«Жарылыс сағат 4.10 шамасында болды. Құқық қорғаушылардың ақпаратынша, қылмысқа екі ер адамның қатысы бар. Қаскөйлер банкоматты жарып жібергенге ұқсайды. Бірақ, детонацияның қатты болғаны соншалық, банкоматтың өзін ғана жармай, бөлімшенің күл-талқанын шығарды», — деп жазады «Информатор» басылымы.
Банктен он метр қашықтықтағы газонда номиналы 100 гривен купюралар шашылған. Киев полицейлері «Сирена» операциясын бастады. Куәгерлердің айтуынша, күдіктілер моделі ескі Volkswagen Passat көлігімен метро стансасына қарай қашқан.
Оқиға орнында жарылыс техникалары мен тергеушілер жұмыс істеді, жарылыстың мән-жайы мен ұрланған ақшаның сомасы анықталып жатыр.
Киев ұлттық полициясының баспасөз қызметі де фактіні растады.
Тағы оқыңыз: «Жарылыс деп ойладық»: Нұр-Сұлтан тұрғындары ұйқыдан шошып оянды – видео
«Мамандар мен полицейлердің алдын ала қорытындысына сүйенсек, қаскөйлер газ-ауа қоспасының көмегімен банкоматты жарған. Сөйтіп ақшаны алып, көлікке отырып, кетіп қалған. Шығын сомасы анықталып жатыр», — деп хабарлады сайт.
Зардап шеккендер жоқ. Құқық қорғаушылар оқиға орнын қарап, куәгерлерден жауап алды, бейнебақылау камерасының жазбалары да алынды. Бұл фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілердің кінәсі дәлелденсе, он жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
sputniknews.kz