Белгісіз біреу Азаттық тілшісінің камерасын жұлып алып, күш қолданған

0

Мамырдың 1-і күні Нұр-Сұлтан қаласында Азаттық тілшісі Сәния Тойкеннің телефонын белгісіз біреулер жұлып алған. Тілші жабдықтарын қайтаруды талап еткен кезде қолын қайырып, күш көрсеткен.

Қаладағы Кенесары ескерткіші маңын ондаған полиция қызметкері таңертеңнен бері бақылап, қоршап тұр. Тілшіні ол жерден шығарып жіберген.

Бұған дейін «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қозғалысы дәл осы орында 1 мамырда бейбіт акция өткізуге шақырған еді.

Ал Есіл өзенінің оң жағалауындағы наразылық шарасы қазір де жалғасып жатыр. «Шындықтан қашып құтылмайсың» деп айғайлаған азаматтар 9 маусымда өтетін президент сайлауына бойкот жариялауға шақырған. Азаматтар парламент өкілетін күшейтіп, елде әділ сайлауды талап етті.

Оқиға орнынан хабар таратып жатқан Азаттық тілшісінің айтуынша, шерушілерді таратуға тырысқан полиция қызметкерлері оларға резеңке таяқ қолданған.

Azattyq