Белгілі журналист дүниеден озды

0

Белгілі журналист және медиа менеджер Батыр Қазыбаев қайтыс болды, деп хабарлайды kznews.kz ақпараттық агенттігі.

Ол Қазақстанда Тенгриньюс, Радио Тенгри, Vesti.kz. сияқты табысты ақпарат құралдарының негізін қалады.

Батыр Қазыбаев 53 жаста еді. Соңғы жылдары ауырғаны белгілі.

«kznews.kz« ұжымы марқұмның туған-туыстарына, достарына, өзі басқарған редакциялардағы әріптестеріне қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.