Белгілі журналист 6 жылға сотталған Әлімбекованың қарызын өтеп беруді ұсынды — новости Казахстана
Танымал журналист Бибігүл Дәулетбекқызы күні кеше алаяқтың ісі үшін 6 жылға бас бостандығынан айырылған Гауһар Әлімбекованың қарызын өтеп беруді ұсынды деп жазады NUR.KZ.
Бұл жайында Бибігүл Дәулетбекқызы Instagram парақшасында жазып, халық пен әншілерді бірігуге шақырды.
Талай келіннің бетін ашқан, талай қызды «Ақ босаға» әнімен шығарып салған Гауһар Әлімбекованы осындай дәрежеге түсіріп, жарияға жар салып «алаяқ» деуге дәтім бармайды. Аңқылдаған әнші біреудің арбауына түсіп қалуы әбден мүмкін. Сенбеймін, сенгім де келмейді«, — деген журналист әншілерді көмекке шақырды.
Айта кетейік, Гауһар Әлімбекованың соты Алматы қаласы, Алмалы ауданында өтті. Құрбысынан 40 мың АҚШ долларын алып, қайтармаған әнші 6 жылға бас бостандығынан айырылған.
Дереккөз: kaz.nur.kz