Белгілі жазушы: «Сталин Гитлердің Ленинградты жою жоспарына үлес қосқан»

0

Белгілі ресей жазушысы, «Орыс Букер» сыйлығының лауреаты Елена Чижова Кеңес Одағының басшысы Иосиф Сталиннің фашистік Германияның жетекшісі Адольф Гитлердің Ленинградты қоршау кезінде жою жоспарларына үлес қосқаны туралы жазды. Бұл туралы ол өзінің мақаласында швейцариялық Neue Zürcher Zeitung газетіне жазған.

Чижованың пікірінше, Ленинград қаласының тұрғындары «өзін-өзі тану» және «тәуелсіз ойлау қабілеті» зор болды және соған байланысты Сталин Ленинград қаласын «жек көрген» еді.

«Сталиннің қаланы жек көруі Гитлердің оны жою жоспарына мүмкіндік берген. Екі диктатор- монстрлар төрт қолымен бұл қайғылы фуганы ойнады», — деп жазады Чижова.

Чижовтың айтуынша, «Блокадада қаланың зауыттары жасалған әскери өнімдерді пойыздар Үлкен жерге тоқтаусыз жіберді және Сталин мен оның жақтастары тіпті солтүстік астананың азық-түлікпен қамтамасыз етпеген» екен. Оның пікірінше, «азық-түлікті таситын поездардың кішкене бөлігі Ленинградтың жүздеген мың адам өмірін сақтап қалуға көмектесетін» еді.

Керімсал Жұбатқанов, тарих ғылымдарының кандидаты