Белгілі сценарист Нұрлан Санжар жансақтау бөліміне түсті

Танымал сценарист Нұрлан Санжар өкпенің қатерлі ісігіне шалдығып, бүгін жансақтау бөліміне жатқызылды. Бұған дейін ол осы дертпен ауырып, ауруханаға түскен болатын.
Киносценарист, жазушы және философия ғылымдарының кандидаты Нұрлан Санжар Еуропадағы Lambert академиялық баспасынан алты ғылыми кітабы жарық көрген ғалым. Ол “Жошы”, “Бату”, “Періште”, “Қызыл қар” романдарының авторы, сондай-ақ баспадан шықпаған тоғыз қолжазбасы бар. Киносценарист ретінде қазақ кино өнерінде өзіндік із қалдырған Нұрлан Санжардың “Оралман”, “Өліара”, “Аллажар” фильмдері ұлттық кинематографияның маңызды шығармаларына айналды.
фото: kazakhfilm