Белгілі сатирик Төпен Әмірбек қайтыс болды

0

Белгілі сатирик Төпен Әмірбек дүниеден озды. Марқұмның жаназасы Шәуілдірдегі қарашаңырақты 5 ақпан күні сағат 15:00-де өтеді.

Қаралы хабарды бірнеше сағат бұрын «Шымкент фильм» директоры Ерсұлтан Әмірбек Facebook парақшасында жеткізді.

«БАҚҰЛ БОЛ, ТӨПЕН АҒА! Иманыңыз саламат болсын! Жаназасы Шәуілдірде қарашаңырақта. 05 ақпан жұма күні сағат 15:00-де», — деп жазды Ерсұлтан Әмірбек.

Ел аузында белгілі сатирик Көпен Әмірбектің інісі «Төпен айтқан екен» деген бірқақпайлар көп. Төпен Әмірбек 1954 жылы 11 желтоқсанда бұрынғы Қызылқұм ауданы, Балтакөл ауылына қарасты «Көлқұдық» елдімекенінде дүниеге келген.