Белгілі саясаттанушы: Қазақстандағы ұйғыр мен өзбектердің көбейгенін қолдаймын — Қазақстан жаңалықтары

0

[ad_1]

Белгілі саясаттанушы әрі демограф Әзімбай Ғали қазақ санын қалай көбейтуге болатынын айтты. 

Фото: ult.kz

«Қазір қазақтар «тыныш жатып» өсіп жатыр. Біз сыртқы іәемге халық өсімін көрсетпейміз. Кейбірі «қазақ тілі жойылып кетудің алдында тұр» дейді. Ал, кейбірі үндемей-ақ балаларын қазақ мектептерге беріп жатыр. Оның ішінде өзге ұлт өкілдері де бар», — дейді Әзімбай Ғали. 

Ол толеранттық пен қазақтардың тартымдылығы жөнінде айта кетті, деп жазады Arasha.kz

«Қазақтар толерантты, сонымен қатар жойылып бара жатқан этностар үшін өте тартымды. Мәселен, қазақтар мен қалмақтар 250 жылдан аз соғысқан жоқ. Бірақ Қытай қалмақтардың көзін жойды. Ал, қазақтар қалмақтарды қабылдап алды. Тағы бір айтарлығы, этникалық қазақтар атамекеніне оралып жатыр. Олардың саны арқылы және өзге ұлттар арқылы қазақ санын көбейте аламыз. Мәселен, мен Қазақстандағы өзбек пен ұйғыр санының өскенін қолдаймын. Себебі, олар бір кездегі жоңғарлар секілді ассимиляцияланып кетеді. Бір деректерге сүйенсек, біздің жерге келген қалмақтар өте көп болған. Олар қазақ болып жазылып, ислам дінін қабылдаған», — дейді саясаттанушы. 

Оның айтунша, Қазақстанға жаңа этникалық идентификация керек. 

«Демографиялық саясат кешенді жүргізілуі керек. Бізге жаңа этникалық идентификация — азаматтық пен ұлттың бірігуі керек. Қазір қазақстандықтар саны 18 млн. Бірақ шетелде бәріміз қазақ ретіне саналуымыз керекпіз», — деді ол. 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз

stan.kz