Журналист Мира Мұстафина Алматыда 53 жасында қайтыс болды.
Мира Мұстафина ұзақ уақыт бойы «Литер» газетінде журналист болып жұмыс істеді.
Әріптестерінің айтуынша, өткен аптада одан коронавирус анықталды, артынша пневмония асқынған. Сондай-ақ, әйелде қосалқы аурулары болғаны айтылады. Өткен аптада Мұстафина әріптестерінен дәрі-дәрмек сұрапты.
Мира Мұстафина түрлі тақырыптарға, соның ішінде медицина, мәдениет, әскери тақырыптарға материалдар жазды.