Белгілі паралимпиадашыға көмек көрсетілді — Қоғам|12 Желтоқсан 2018, 14:45

0

Астана, BAQ.KZ. «Нұр Отан» партиясының өкілдері мен Астана қаласындағы қоғамдық бірлестіктер, дипломатиялық өкілдіктер мүшелері кездесті. Кездесу барысында қонақтар Серік Есматовқа жаңа арба, ноутбук және спорттық костюмдер табыс етті.

2 желтоқсан күні Елшілердің әйелдері қауымдастығы мен Астанадағы дипломатиялық миссиялары ұйымдастырған жыл сайынғы қайырымдылық жәрмеңкесі өткен болатын. Жасотандық белсенділер жәрмеңкеден сырт қалмай, Серік Есматовтың атынан қайырымдылық шараға 100 билет сатып алды. Жиналған қаражатқа «Нұр Отан» партиясының мүшесі, «Қазақстанның 100 жаңа eciмі» жобасының жеңімпазы, волейбол бойынша Қазақстанның параолимпиялық жастар құрамасының капитаны Серік Есматовқа мүгедек арбасы сатып алынды. Сондай-ақ Біріккен Араб Әмірліктерінің Елшілігі спортшыға ноутбукпен қатар, БАӘ-не отбасымен бірге жолдама берді. Жәрмеңкеде спортшының атынан жазылған билеттер лотереяда ұтысты болып, демеушілердің түрлі сыйлықтарын ұтып алды.

Кездесуге келген қонақтар арасында Беларусь Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісіның әйелі Ничкасова Юлия, БАӘ Елшілігінің Уақытша Сенімді өкілі Аммар Альбрейки, «Дос» Тәуелсіз Өмір» ҚБ президенті Ердилдинова Дина, Астана қаласының «Республикалық әйелдер кеңесі» ҚБ төрағасы Балтаева Ханзада бар.

Серік Есматов – «Нұр Отан» партиясының мүшесі, паралимпиадашы, туризм және спорт академиясының студенті, волейболдан Қазақстан жастар құрамасының капитаны. «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы.

Бала кезінен спортпен белсенді айналысып келеді. Алайда 2011 жылдың 30 тамызында ол поездың астына түсіп, екі аяғынан айырылып қалды. Рухын жоғалтпаған Серік спортпен айналысуды тоқтатпады. Керісінше көптеген түріне қызыға бастады. Ол волейбол ойнап, жеңіл атлетикамен айналысады. Арбада жүгіруге қатысады, ядро мен найза лақтырады. Соңғы уақытта ауыр атлетика мен жүзуде өзін сынап жүр. 2013 жылдың қазан айында Серік Малайзияда өткен алғашқы ірі жарысына қатысты.














Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Дереккөз: BAQ.KZ