Белгілі олигархтың бұрынғы әйелі тағы да тұрмысқа шықты
Қысқа сілтеме алу
https://sputniknews.kz/images/86/44/864476.jpg
Sputnik Қазақстан
https://sputniknews.kz/world/20200119/12574282/oligarkh-ayeli-turmysqa-shyqty.html
Бұл жұп өткен жылдың қазан айында заңды түрде некелерін тіркеген. Алайда үйлену тойын кейін өткізу туралы шешім қабылдаған
НҰР-СҰЛТАН, 19 қаңтар — Sputnik. Ресейлік миллиардер Роман Абрамовичтің бұрынғы әйелі грекиялық миллиардерге тұрмысқа шықты. Олар үйлену тойына 6,5 миллион доллар (2 жарым млрд теңгеден астам) жұмсаған, деп хабарлайды Daily Mail.
Той күйеужігіттің отбасына тиесілі Швейцариядағы Санкт-Мориц тау-шаңғы курортындағы қонақүйде өткен. Меймандардың арасында дизайнер Стелла Маккартни, америкалық актриса Кейт Хадсон және британиялық ханшайым Беатри болған.
Бұл жұп өткен жылдың қазан айында заңды түрде некелерін тіркеген.
Тағы оқыңыз: Үйлену тойында болған сұмдық жағдай видеоға түсіп қалды
Дарья Жукова мен Роман Абрамович 2017 жылы ажырасты. Екеуінің Аарон-Александр (2009 жыл) деген ұлы мен Лея (2013 жыл) атты қызы бар.
sputniknews.kz