Белгілі күйші өмірден өтті

0
78

Белгілі күйші, Іле, Алтай, Тарбағатай күйшілік мектебінің белді өкілі, Шығыстың шертпе-төкпе күйлерін жалғастырушы, күй зерттеушісі Мұқаш Таңғытұлы өмірден өтті, деп хабарлайды kznews.kz порталы.

Мұқаш Таңғытұлы 12 тамыз күні Алматыда ауыр сырқаттан қайтыс болды. Ол 1962 жылы 15 желтоқсанда Қытай Халық Республикасының Шынжаң өлкесі, Тарбағатай аймағында өмір есігін ашқан.  Өнер иесі 1981 жылы Үрімжі Қаржы институтына оқуға түсіп, 1985 жылы аяқтаған. Содан 2003 жылға дейін банк саласында қызмет еткен. 2003 жылы Қазақстанға қоныс аударған. Елімізге келгенне бері Шығыстың шертпе-төкпе күйлерінің  халық қазынасына қосылуына көптеген еңбегін сіңірді. Аталған күйшілік мектеп туралы бірнеше зерттеу кітабының авторы, «Халық күйшісі» төсбелгісінің иегері, Халықаралық күйшілер одағының мүшесі, «Шығыс шертпесі» ансамбльінің негізін қалаушы.