Белгілі композитор көз жұмды

0

Елімізге белгілі композитор, режиссер, педагог Әліби Мәмбетов 58 жасында дүние салды.

Ол «Ғасырдан да ұзақ күн», «Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу» және өзге де фильмдердің музыкасының авторы.

Белгілі болғандай, композитор 15 желтоқсанжа кешкі уақытта ұзаққа созылған аурудың салдарынан көз жұмған екен.

Әліби Мәмбетов – атақты қазақстандық композитор Ғазиза Жұбанова мен режиссер Әзербайжан Мәмбетовтің ұлы. Ол 1961 жылы 3 ақпанда дүниеге келген. Өмірінің көп жылында «Қазақфильм» киностудиясында дыбыс режиссері және композитор қызметін атқарды.

Бірінші кезекте «Куклы колдуна» фильміндегі және толық метражды «Қадірдің бақыты» мультфильмдегі жұмыстарымен атағы шықты. Сонымен қатар, Мәмбетов «Қазақстан 1» телеарнасындағы «Ақшам — кешкі жаңалықтар» бағдарламасының және «Хабар» арнасының музыкалық қойылымының авторы ретінде де белгілі.

«Ночной полет», «Волшебный спонсор»көркем фильмінің, «Счастье Кадыра», «Меч победы», «Махамбет», «Плутни Скапена», «Дядя Ваня», «Чайка», «Дос бедел дос», «Укрощение строптивой», «Ғасырдан да ұзақ күн», «Нюрнбергский процесс», «Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу», «Біз бесеу едік» спектальдерінің авторы.

«Қамшы» сілтейді