Белгілі композитор Әділ Бестібаев дүниеден өтті

0

Белгілі қазақстандық композитор Канада қаласында көз жұмды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Бұл туралы оның достары әлеуметтік желіде естіртті.

Қазақстандық журналист Алмат Азади Facebook парақшасында қоштасу жазбасын жариялады.

«Канададан қайғылы хабар келді. Досымыз, асыл ағамыз Әділ қайтыс болды. Е-е, Әділ, сен маған дайындап, сыйға тарту мүмкіндігін күтіп жүрген Bee Gees дискісін ешқашан ала алмайтыным өкінішті. Енді сен екеуміз 80-90-шы жылдардағыдай ән жазбаймыз, сен өте көп нәрсе жасадың, мұра қалдырдың…» деп жазды ол.

Әділ Бестібаев 1959 жылы 15 тамызда Алматыда дүниеге келген. Танымал қазақстандық композитор, көптеген халықаралық музыка фестивальдерінің қатысушысы.

Ол ұлттық дәстүр мен заманауи композиторлық техникасын біріктіріп, қазақ мәдениетінің элементтері мен еуропалық стильдерді синтездеген.

Бестібаевтың танымал шығармаларының қатарына «Азия дауысы», «Бәйтерек» балеті, «Тәңірі құрбаны» симфониясы және «Ниагара» секілді туындылары кіреді. Оның музыкалары Аустрия, АҚШ, Франция, Германия сияқты көптеген мемлекеттерде орындалып, кең танымалдыққа ие болды.