Белгілі дін ғалымы Сманов Абдуғаппар өмірден озды

0

Сарыағаш медресе колледжінің директоры, дін ғалымы, Қазақстанға белгілі ұстаз Сманов Абдуғаппар Шәкірұлы өмірден озды.

Жанашыр жақындары мен отбасына көңіл айтамыз!

Алла рахымына алсын!

 

Сманов Абдуғаппар Шәкірұлы

1970 жылы 22 ақпанда дүниеге келген.

Білімі: Жоғары

Еңбек жолы:

1994 жылдан бастап «Таяқты Ешан» мешітінде бас имам болып,

«Таяқты Ешан» мешіті жанындағы « Убай ибн Кааб» медресесінде ұстаздық қызметін қатар алып жүрді .

2010 жылдан бастап «Сарыағаш медресесінің» директорының орынбасары.

2016 жылдан «Сарыағаш медресе колледжі» директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.

2016 жылы желтоқсан айынан бастап «Сарыағаш медресе колледжінің» директоры лауазымын алды.