Белгілі әнші қызымен болған жанжалдан кейін жазба жариялады

0

Шудан соң әншінің қызы АҚШ-қа көшіп кетті. Әртіс қызының айтқанын жоққа шығарып отыр. Оның денсаулығы сыр бергенін жеткізді

НҰР-СҰЛТАН, 11 ақпан – Sputnik. Ресейлік әнші Любовь Успенская қызы Татьяна Плаксинамен болған жанжалдан кейін соңына түсіп, атын қаралағысы келетіндерге шағымданды. Ол әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жазба жариялаған.

Бұған дейін әншінің қызы «Звезды сошлись» бағдарламасында анасы өзін азаптағанын айтқан болатын. Успенская мұның бәрін жоққа шығарды. Қызының психологиялық проблемасы бар екенін айтқан.

«Маған сенетін көрерменге алғыс білдіремін. Менің отбасымды қаралағысы келетіндердің жоспары іске аспайды!» – деп жазды әнші.  

Тағы оқыңыз: Қарақат Әбілдина желідегі шулы жазбасы жайлы: «Дүнгендерді жақтамадым»

Плаксина — Успенскаяның жалғыз баласы. Ол әншінің төртінші некесінде дүниеге келген. Жанжалдан соң Плаксина әкесіне АҚШ-қа кетіп қалған.  

 



sputniknews.kz