Бельгиялық вундеркинд 11 жасында бакалавр дәрежесін алды

0
216

Бельгиялық вундеркинд Лоран Симонс 11 Антверпен университетін 1 жылда аяқтап, 11 жасында бакалавр дәрежесін алды.

Лоран 2020 жылдың сәуірінде өзге сабақтарын жиыстырып қойып, классикалық механика мен кванттық физиканы үйрене бастапты.

«Бұл адам денесінің мүшелерін механикалық мүшелермен алмастыру бағытындағы алғашқы қадамым. Менің мақсатым – мәңгілік өмір» дейді вундеркинд.

Лоран Симонс (нидерл. Laurent Simons) 2009 жылдың 26 желтоқсанында Остенд (Бельгия) қаласында дүниеге келген.

Фотографиялық жадыға ие Лоранның интеллект деңгейі 145.

8 жасында орта мектепті бітіріп, Эйндховен техникалық университетіне түседі.

Әке-шешесі Лоран 10 жасқа жетпей университет бітіріп, тарихтағы ең жас бакалавр атанады деген үміттері ақталмаған соң, бұл университеттен шығарып, алып Антверпен университетіне берген екен.

Өмір Шыныбекұлы, Facebook парақшасынан