Беларусьте сотталған азамат өлім жазасына кесілді

0

Беларусьте үш адамды қатыгездікпен өлтірді деп танылғандардың бірі — Александр Жильников атылды. Бұл туралы Жильниковтың туыстарына сілтеп, «Весна» құқық қорғау орталығы хабарлады.

Осы іс бойынша сотталған екінші азаматтың — Вячеслава Сухарконың қазіргі жайы әзірге белгісіз. Беларусьте әдетте бір іс бойынша өлімге кесілгендер жазаға бір уақытта тартылады.

Биыл мамырда адвокаттар іс бойынша анықталған жаңа жағдайларға байланысты шағым түсіруге әзірленіп жатқан. Бірақ шағымданып үлгермеді. Екі азаматқа кесілген жазаны орындауды доғаруды БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі комитет те сұраған.

Беларусь — өлім жазасы әлі бар Еуропадағы жалғыз ел. Былтыр төрт адам атылған. Тәуелсіздік алған 1990 жылдардан бері 400-ден аса адам өлімге кесілген. Еуропа одағы Минскіден бұл жаза түріп алып тастауды талап еткен.

Azattyq