Беларусь Украинамен соғысуға дайын отыр

0
32

Лукашенко Ресеймен біріккен аймақтық әскери топтардың құрылатынын айтты.

Беларусь Ресей жағында Украинамен соғысуға дайын отырғанын мәлімдеді.

Бұл туралы Беларустің президенті Александр Лукашенко қарулы күштердің басшыларымен кездесуде айтты.

Біз Ресеймен одақтас мемлекетіміздің батыс шекарасындағы қауіпті жағдайды ескере отырып, екі ел әскерінің біріккен аймақтық топтарын құруға келістік. Бұл топтар кешеден бері жасақталып жатыр. Егер біздің елдерімізге Украинадан қауіп төнетін болса, онда одақтас мемлекеттің әскери топтары майданға аттанады, –  деді ол.

Оның айтуынша, әскери топтар көбінесе Беларустің қарулы күштері мен армиясынан жасақталады. Қазір Лукашенконың бұйрығы бойынша топтар құрылып, соғысқа аттануға дайын отыр.