Бекзат Саттарханов туралы сериал түсіріледі

0

Продюсер фильмнің көп бөлігі боксшының туған жері – Түркістан қаласында түсірілетінін және келер жылы жарыққа шығатынын айтты.

2019 жылы марқұм болған белгілі боксшы Бекзат Саттарханов туралы ғұмырналық телесериал жарық көреді жеп жазады Хабар 24 арнасы.

«Саттарханов туралы фильм түсіріледі. Онда боксшының өмірбаяны мен үлкен спорттағы жеткен жетістіктері туралы баяндалады. Алдымен 5 бөлімнен тұратын сериал ретінде түсіру жоспарлануда, одан бөлек, ғұмырнамалық толықметражды фильм түсіріледі. Қазіргі таңда марқұм болған боксшының ата-анасы және бапкерлері арасында келіссөздер болып жатыр. Фильмді танымал режиссер Мұрат Бидосов өз қолына алмақ», – дейді «Хабар» телеарнасының бас продюсері Айдос Тұрысбек.

Продюсер фильмнің көп бөлігі боксшының туған жері – Түркістан қаласында түсірілетінін және келер жылы жарыққа шығатынын айтты.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз