Бекшин көшеде бетперде кию міндетті емес деген сөзін жоққа шығарды

0

Бұрынғы бас санитар дәрігер Жандарбек Бекшин көшеде бетперде кию зиян деген сөзін бір тәуліктен кейін түсіндірді

НҰР-СҰЛТАН, 23 сәуір – Sputnik. Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин көшеде қорғаныс маскаларын тағу міндетті емес деген сөзін теріске шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Суды көбірек ішу керек»: бас санитар ораза ұстайтындарды сақтандырды

22 сәуірде өткен брифингте Бекшин қала тұрғындарынан рұқсат етілген қоғамдық орындарға бетперде мен қолғап киіп баруды, алайда далада бетперде қолданбауды сұрады.

Оның айтуынша, далада бетпердені қолдану тапшы тауарды артық жұмсауға әкеледі, сонымен қатар ашық аспан астында медициналық маска пайдасыз.

«Біз далада жүргенде, керісінше, бетпердені ылғалдандырып, жарамсыз етеміз, ал бұл онда вирустың дамуына қолайлы орта қалыптастырады», – деді бас медициналық дәрігер.

Дегенмен, біраз уақыттан кейін Жандарбек Бекшин сөзін қайтарып алып, маска кию керек деп мәлімдеді.

«Бұқаралық ақпарат құралдары менің бетперде киюдің қажеті жоқ деген сөзімді жариялады. Мені дұрыс түсінбеген деп ойлаймын. Масканы кию керек және бұл талапты сақтау керек. Бүкіл әлемде солай. Бұл негізгі  профилактика», – деп хабарлады Алматының бас санитар дәрігері  Facebook-тегі парақшасында.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ресми өкілі бетпердені сау адамдарға киюдің керегі жоқ, өйткені ол коронавирус инфекциясынан қорғамайды деп хабарлаған болатын. Дегенмен әлемнің көптеген елінде, соның ішінде Қазақстанда далаға шыққанда және қоғамдық орындарға барғанда қорғаныс маскасын кию міндетті болып саналады.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз