Бекшин коронавирус жұқтырған 21 жедел жәрдем қызметкері туралы түсініктеме берді — Қазақстан жаңалықтары

0

Қаланың бас санитарлық дәрігері вирус жұқтырған 17 диспетчер және 4 дәрігердің қазіргі жағдайы туралы жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жедел жәрдем қызметкерлерінің арасында жаппай коронавирус инфекциясы анықталғаны туралы Жандарбек Бекшин брифингте сөз қозғап, қазіргі таңда олардың қатаң қадағалауға алынғаны жайында жеткізді. Медицина қызметкерлерінің алғашқы тестілеулері теріс нәтиже көрсеткенімен артынша екінші сынамалар вирустың бар екенін нақтылаған. Қазіргі таңда науқастар және қарым-қатынаста болған адамдар дәрігерлердің бақылауында.

«Алғашқы тестілеу 19 сәуірде өткізілген болатын. Ол кезде араларынан екі адамнан вирус анықталды. Олар қадағалауға алынып, емделген болатын. Қалғандарында коронавирус теріс нәтиже көрсеткен. Бір айдан кейін мамыр айында 113 қызметкер қайта тестілеуден өтіп, 15 адамнан вирус анықталды. Қарым-қатынаста болған басқа адамдар да тест тапсырып, қатаң қадағалауға алынды. Қазіргі таңда әлі де тексеру жұмыстары жүріп жатыр», — дейді Жандарбек Бекшин.  

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Алматыда жедел жәрдемнің 21 қызметкерінен коронавирус анықталғаны жайлы жазған болатынбыз. 

stan.kz