Бекшин Алматының карантинге жабылуы туралы ақпаратқа жауап берді
Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин қала карантині туралы қауесетке жауап берді.
«Мұның бәрі жалған ақпарат. Мен бұл процеске қатысқым келмейді. Қала жабылмайды. Қадағалап отырмыз», — деді Жандарбек Бекшин.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Жандарбек Бекшин Алматыдағы коронавирусқа қатысты жағдайды тұрақты деп бағалаған.