Бекназаров Украинаның жаңа президентіне қазақстандықтардың құттықтауын жеткізді
Қысқа сілтеме алу
Сенат төрағасының орынбасары Бекназаров пен Украина президенті Зеленский екі елдің ынтымақтастығын дамыту мәселелерін талқылады
НҰР-СҰЛТАН, 21 мамыр — Sputnik. Сенат төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров Украинаның жаңа президентімен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан парламенті жоғарғы палатасының баспасөз қызметі.
Украинаның жаңа сайланған президентінің инаугурациясынан кейін сенат төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев және республиканың бүкіл халқы атынан Владимир Зеленскийді қызметіне ресми кірісуімен құттықтап, сәттілік тіледі.
Кездесу барысында екі елдің ынтымақтастығын нығайту мәселелері кеңінен талқыланды.
Айта кетсек, украин тарапының шақыруымен Қазақстанның ресми өкілдері Украина президенті Владимир Зеленскийдің инаугурациясына қатысқан болатын.
Тағы оқыңыз: Назарбаев: Украина үшін алаңдаймын
Владимир Зеленскийдің инаугурациясы
Владимир Зеленский дүйсенбі, 20 мамыр күні Украина президенті қызметіне ресми кірісті. Жаңадан сайланған мемлекет басшысы Жоғарғы Раданың салтанатты жиналысында ант қабылдады.
Украинаның бұрынғы төрт президенті Леонил Кравчук, Леонид Кучма, Виктор Ющенко және Петр Порошенко Жоғарғы Раданың салтанатты рәсімге қатысты.
Ұлықтау рәсіміне сондай-ақ құрметті қонақтар, атап айтқанда, Латвия, Литва, Эстония, Грузия және Венгрия басшылары, АҚШ-тың энергетика министрі және Канаданың қорғаныс министрі келді.
sputniknews.kz