Бекболат Тілеуханнан коронавирус табылды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

7 0 0

Мәжіліс депутаты, алдымен, үйде емделген, кейін ауруханаға түсіп қалған, қазір дәрігерлердің бақылауында

НҰР-СҰЛТАН, 12 маусым – Sputnik. Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан коронавирус жұқтырды. Жайсыз хабарды мәжілісмен әлеуметтік желіде хабарлады.

«Соңғы күндері көп азамат денсаулығыма алаңдаушылық білдіріп, хабарласып жатыр. Әлемдік пандемия салқыны маған да тиді. Коронавирусқа тапсырған тест оң нәтиже көрсетті», — деп жазды Тілеухан Instagram-да.

Айтуынша, алдымен, үйде ем қабылдаған. Ал қазір ауруханада дәрігерлердің бақылауында жатыр.

Мәжіліс депутаты вирустың таралу ықтималдығы артқанын айтып, қазақстандықтарды сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырды.

Ол төтенше жағдай режимі аяқталғанымен, карантин әлі бітпегенін еске салды.



sputniknews.kz