Бекболат Тілеухан Жүрсін Ерманға «бетін көрсеткені үшін» 60 мың доллар берді

0
1260
Сурет: inbusiness.kz

Айтыс жүргізушісі, ақын Жүрсін Ерман гонорары туралы сөз қозғады, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі.

Журналист Нартай Аралбайұлының «Бір айтысты жүргізгеніңіз үшін қанша теңге аласыз?” — деген сұрағына:

«Ақорда деген қозғалыс құрылды бір кезде. Қайрат Сатыбалды құрып, Бекболат Тілеухан соның қасында жүретін еді. Ақорда өзін қолдайтынын білді де айтыс ақындарын құрамыз деп, мені 5-6 облысқа алып барды. Бекболат Тілеухан інім «бетіңізді көрсеткеннің өзі — 10 мың доллар, 6 облысқа барғанда алтаудан 60 мың доллар аласың» деп бағамды солай көтеріп беріп еді. Қазір менде ол ақша жоқ, түсіп қалды”, — деді Жүрсін Ерман.