Бекболат Тілеухан жаңа қызметке тағайындалды

0
1689
Бекболат Тілеухан
Advertisement

Бекболат Тілеухан халықаралық ұйымның комитет төрағасы болып сайланды.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Бекболат Тілеухан 2020 жылғы 12 қараша күні Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясының  президенті Неджмеддин Билал Эрдоганның төрағалығымен өткен отырыста (онлайн форматта) Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясы жанынан құрылған Орта-Азиялық комитеттің тұңғыш төрағасы болып сайланды. Комитет құрамына дәстүрлі спорт түрлері мен ойындарды дамыту, насихаттау және одан ары ілгерілетуді көздеген Азия құрлығының 10 мемлекеті еніп отыр.

Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығы Қазақстан Республикасында ұлттық спорт түрлері – көкпар, аударыспақ, жамбы ату, теңге ілу, бәйге түрлері, құсбегілік, дәстүрлі садақ атуды дамыту, насихаттау және ілгерілетуді жүзеге асыратын заңды негіздегі аккредиттелген жалғыз ұйым болып табылады.

baq.kz

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз