Бекболат Тілеухан Түркия азаматтығын алуға өтінім берген жоқ — Олжас Құдайбергенов

0
370

Бүгін Бекболат Тілеуханның Түркия азаматтығын алуға өтінім бергені туралы ақпарат тараған болатын. Алайда, экономист Олжас Құдайбергенов Бекболат Тілеуханмен сөйлескенін және Түркия азаматтығына өтінім бермегені туралы Facebook парақшасына жазды.

“Жаңа ғана Бекболат Тілеуханмен сөйлестім. Ол Түркияның азаматтығын алуға өтініш бермеген, тіпті жоспарламаған да. Құдайға шүкір! Талантты адамдар елден кетсе жаман. Оның кейбір көзқарастары біреуге ұнамайтыны анық, бірақ демократияның пайдасы сол, сан алуан пікірлер бар. Мен Бекеңді жақсы білемін. Оның ешкімде жоқ, сирек кездесетін ерекше қасиеті туралы айта аламын. Ол негізінен интригаға қабілетсіз, аңғал, оны алдау өте оңай, сондықтан көпшілік пайдаланады.Шығармашылық адам, ойына келгенін айтады, шын жүректен жанжалдасуы мүмкін, бірақ ертеңіне-ақ реніш пен ашуын оңай ұмытады. Оның шығармашылық табиғаты бүгінмен өмір сүреді!”, делінген жазбада.

Сонымен қатар, Олжас Құдайбергеновтың айтуынша, Бекболат Тілеуханның депутат болуына қарсы болған.

“Әрбір адамның таланты бар және оны дамытуға күш салу керек. Талантты музыкант Бекболаттың депутат болуына жеке өзім қарсы болдым. Бұл оның талантын дұрыс пайдаланбау болды. Биліктің тиісті өкілеттігі болмаған соң, халықтың құлағына сіңген, халық сыйлайтын, сенетін адамдарды өз қатарына тарта бастайтыны жиі кездеседі. Билік шынымен де халыққа жақсылық жасауға ұмтылса жақсы ғой, бұл дарынды адамдардың беделін пайдалану. Сондықтан жақсы билік мұндай қулыққа бармауы керек. Таланттардың саясатқа жолауына мүлдем жол бермеу керек. Оларға президенттік стипендия (күнделікті мәселелерді ойламай-ақ өмір сүру үшін) берген жөн.

Еңбегімен елдің ұжымдық келбетін қалыптастыратын жарқын таланттардың барлығында өзге азаматтар сияқты кемшіліктер болады. Жақын достары өздерінің кемшіліктерін айтудың жолын табатын сияқты. Ал билікті құртып алмау үшін көпшілік алдында талқыламағаны дұрыс. Болар елдің баласы бірін бірі батыр дейді”,- деді ол.