Бекболат ағамыз әділ болса, бұл сөзін Тоқаевқа айтсын – Тұрарбек Құсайынұлы

0
Менің жекеме кешегі мәжілістің экс-депутаты Бекболат Тілеуханның журналист Нартай Аралбайұлын берген сұхбаты туралы не айтасыз деп көп азаматтар сұрап жатыр.
Біріншіден Бекболат ағамыздың Астанадағы көпшілікпен намаз оқу барысында төрде ілулі тұрған домбыраның құлауы туралы,яғни шайтанның даңғырлағы деген хит сөзі өтірік емес,мен бар болғаны көргенімді жаздым немесе айттым.
Екіншіден ДАЛА РУХ интеллектуалды клубында белгілі өнертанушы Дана Меирбекова ханымға айтқан сөзімді бұрмалап,мені Бекең кәпір депті.
Анығында демократиялық ашық қоғамда өзгенің сенімін аяққа таптап, кәпір санау тек террорлық діни ұйымдардың лозунгсы мен риторикасында ғана болатын термин екенін ашық айтқым келеді.
Үшіншіден Бекболат Тілеухан айтқандай тәңіршілдер имансыз болса Тоныкөк,Күлтегін,Білге, Сүлік, Бумын,Шыңғыс қаған мен оның ұлы Жошы хан сияқты ата-бабамыз кәпір-имансыз болғаны ма?
Егер соңына дейін Бекболат ағамыз әділ болса,бұл сөзді президент Қ.Тоқаевқа айтсын,себебі Қасым жомарт Кемеұлы Ұлытауға барып тәңіршіл Жошы ханның бейітіне тағзым қылып,зиярат жасаған жоқ па?
Меніңше Бекболат Тілеуханның Қазақстандағы Тәңір сенімін ұстанатын 1-миллиондай зайырлы көпшілікке қарсы айтылған аталмыш сұхбаттағы кәпір, ібіліс, шайтан сияқты ксенофобиялық сөздері Қазақстан Республикасының заңыңдағы ар-намыс бабына сай өте жіті тексеріліп,тиісті бағасы берілуі керек!

Тұрарбек ҚҰСАЙЫНҰЛЫ