Bek Air ұшақ салынған үйдің иесін сотқа берді – Қазақстан жаңалықтары

0
61

Bek Air әуе тасымалдаушы ұйымы ұшақ барып соғылған үйдің иесін сотқа берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматыдағы ұшақ апаты

«Жақында ғана маған Bek Air менң сотқа берген туралы қағаз келіп тұр. Енді мен ойланып отырмын. Олар неге әкімдікті емес, мені сотқа беріп отыр?  Маған әкімдік жер тілімін бөліп берді. Үй салуға рұқсатты да әкімдік берді. Енді мені кінәлі етпекші. 21 ақпан күні сотқа шақырып отыр. Менде Bek Air ұйымына қарсы шағым түсіргенмін. Олар маған қарсы жауап қайтарыпты», – дейді Решет Қалибек.

Бұған қоса апатқа ұшыраған ұшақ келіп соғылған үйдің иесі өзіне басқа жерден жер беруді сұрап отыр.

Әкімдіктегілер оған келтірілген залалды толығымен өтеп береміз деп сендірген. Ер азаматтың айтуынша, жалпы шығын жиһаз бен құрылыс материалдарына кеткен ақшаны қосқанда 25 миллион теңгені құрап отыр. Өзінің үйін ол  20 миллион деп бағалапты.

«Әкімдік қызметкерлері маған екі нұсқа ұсынып отыр: үй салу немесе ақша беру. Бірақ енді менен қашқақтап отыр. Олардың материалдық шығынды өтеулерін қалаймын. Басқа шағымым жоқ. Сосын маған заңға қайшы аймақтан жер берулеріңізді сұраймын , – деді Решет Қалибек. »

Айтуынша, ол егер ол жерге үй салуға рұқсат етілмегенін білгенде құрылысты бастамайтын еді. Үй иесі кеткен шығындар өтелсе екен дейді.

Бұған дейін әуе кемесі соғылған үй заңсыз тұрғызылған екендігі анықталған еді. Сонымен қатар Алматы әуежайының санитарлық аймағында салынып жатқан жерлер заңсыз берілген.

stan.kz