Bek Air ұшағының құлау сәті видеомен көрсетілді – Қазақстан жаңалықтары

0
75

Алматы маңында ұшақтың қалай құлағандығын индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі видеомен баяандады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Министрліктің авиациялық оқиғаларды тергеу басқармасының өкілдері Алматы әуежайында құлаған ұшақтың қозғалысын визуалды түрде көрсетті.

Бейнежазбада Fokker 100 әе кемесінің ұшып-қону жолағының бойымен қозғалып келе жатқандығы байқалады. Видеоның өзі болса бір жарым минутқа созылыпты.

Мемлекетаралық авиация комитетінің бас директоры Виктор Сороченконың сөзінше, лайнер әуеге 6 метрге дейін жоғарылап, содан кейін төмен түсе бастаған.

Ұщақтың құлау сәтін визуализациялау мемлекетаралық авиация комитеті техникалық зертханасының базасында дайындалған.

Осыған ұқсас жағдайлардың видеосы бұған дейін де жасалған екен.

«Бұл апаттың 2007 жылы Францияда болған әуе апатымен ұқсастығы көп. Мемлекетаралық авиация комитетінің мамандары апатқа жан-жақты талдау жүргізді. Франция органдары осы ұшақ апатына қатысты мәліметтер мен ұшу параметрлерін бізге тапсырды», – деп қосты ол.

Еске салайық, 27 желтоқсан күні орын алған ұшақ апаты 11 адамның өліміне себеп болды. Оқиғадан соң бірнеше апта өткен соң апаттан аман қалған екінші ұшқыш та ұйінде қайтыс болған еді.

stan.kz