Bek Air ұйымы 16 ақпанға дейінгі барлық рейстерін тоқтатты — Қазақстан жаңалықтары
Bek Air әуе тасымалдаушы ұйымы 16 ақпанға дейінгі барлық рейстерін тоқтатты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агеніттігі.
Бұл туралы мекеменің Instagram желісіндегі парақшасында жарияланды.
«Сіздерді 2020 жылдың 16 ақпанына дейін ұйымның жоспарланған рейстері тоқтатылды. Билетке жұмсаған ақшаңызды кері қайтару үшін сатып алған жерге баруларыңызды өтінеміз. Егер билетті электронды түрде сатып алсаңыздар мына поштаға жазуларыңызды сұраймыз: [email protected] Қазіргі таңда техникалық ақауларға байланысты ақшаны кері қайтару қиынға соғып тұр. Бірақ алдағы уақытта бұл жағдайды жүзеге асыру мүмкін болады», — делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Bek Air-дан билет сатып алған жолаушылар ақшаларын кері қайтара алмай отырғандарын айтып шағымданған. Бұған қоса әуе компаниясының жұмыскерлері де қарызға батып, бір жарым айдан астам уақыт жалақысыз отырғандарын жеткізіпті. Жұмысынан айырылған қызметкерлердің туыстары президенттен көмек сұрап отырған көрінеді.
stan.kz