Bek Air қызметкерлері президентке үндеу жолдады

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Ақысыз демалысқа жіберілген әуе компания қызметкерлерінің отбасылары өмір сүруге ақша таба алмай, қарызға белшеден батып отыр

АЛМАТЫ. 5 ақпан – Sputnik. Bek Air әуе компаниясында тағы бір дау шықты. Компания қызметкерлері жұмыстарының тоқтап тұруына байланысты қарыздарын төлей алмай, үйсіз далада қаламыз деп қорқып отыр. Бұл жайында Еуразия бірінші арнасы хабарлады.

Апатқа ұшыраған әуе кемесінің екінші бортсерігі Мұрат Саховтың жары Шахноз Сахова ай сайын ипотекаға алған үйіне 100 мың теңге көлемінде ақша төлейді. Апаттан аман қалған күйеуінің жұмысы тоқтап тұруына байланысты жалғыз өзі отбасын асырап отыр. Ал оның айлығы қарызын ай сайын төлеп отыруға жетпейді.

«Бәрінен бұрын үш баламен көшеде қаламын ба деп қорқамын. Бұл іс ұзаққа созылып жатыр. Әрі қарай да созыла бермек. Сол себепті ел президентінен барлығының шапшаң қимылдап, істің тезірек бітуін сұраймын. Қанша созуға болады? Біресе, 20-сы, біресе, 30-ына дейін күтіңдер дейді. Ал компания тарапынан еш көмек көрсетіліп жатқан жоқ», – дейді Шахноз.

Сондай-ақ, апатқа ұшыраған ұшақ ішінде болған жолаушылар да моральдық және физикалық зақым алғаны үшін компания өтемақы төлейді деп дәмелі. Заңгерлердің айтуынша, апаттан аман қалғандардың көбі психологиялық тұрғыдан ауыр жағдайда, кейбірі алған жарақатының әсерінен өмір бойы мүгедек болып қалуы мүмкін.

Алматы маңындағы ұшақ апаты

27 желтоқсан күні таңертең Алматы түбінде жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Әуежайдан Нұр-Сұлтанға ұшып шыққан Fokker-100 көп ұзамай Талғар ауданындағы елді мекенге құлады.

Ұшақ ішінде 93 жолаушы, бес экипаж мүшесі болған. Жолаушылардың төртеуі – шетелдік азамат. Қайғылы оқиғадан 12 адам қаза тапты, бір ай өткен соң екінші ұшқыш та көз жұмды.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз