Bek Air қызметкерлері Елбасыға үндеу жолдады — Қазақстан жаңалықтары

0

Bek Air әуе тасымалдаушы ұйымының қызметкерлері Елбасыға үндеу жолдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бэк Айр

Мекеме жұмысшыларының Нұрсұлтан Назарбаевқа арнаған үдеуі Youtube желісінде жарияланды. Олар Bek Air әуекомпаниясының өзінің сертификатын қайтаруға көмек сұрады. 

«400-ден астам жұмысшы қалтарында көк тиынсыз қалды. 27 қаңтар күні Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің өкілі Питер Гриффитс ұшақ апатына байланысты Bek Air-дің өкілеттілігін тоқтату туралы радиограмма шығарды. Қазіргі күнге дейін тергеу әлі жалғасуда. Алайда радиограммада неліктен сертификат тоқтатылғаны жайлы айтылмады», — дейді ұйым қызметкерлері. 

Бұған қоса 3 ақпан күні өткен сотаталған радиограмманы нормативтік хаттама емес екендігін мәлімдепті. 

«Біздің түсінуімізше, ұйым аталған радиограмманы негізге алмаса да болады. Қазір мекеменің кеңсесін арнайы орган өкілдері жауып тастады. Компьютерлерімізді алып кетті. Бұған қоса құқық қорғау органдары мен БАҚ бізге қысым көрсетуде. Журналистер қолдарында нақты ақпарат болмаса да, жағдайды бұрмалап жеткізуде. Бұл өз кезегінде қоғамның өз билеттеріне жұмсаған ақшаны қайтарғысы келіп жатқандығын одан сайын күшейтуде» , -деп қосты олар. 

Өздерінің сөздерін қорытындылай келе ұйым қызметкерлері аталған іске Елбасының араласуын өтініп, одан мекеменің өз жұмысын жалғастыруына көмек қолын созуды сұрады.

Бұған дейін Bek Air ұйымының қызметкерлері президенттен көмек сұраған еді. 

 

stan.kz