Bek Air 4,5 сағаттан соң ғана мәлімдеме жасады

0
21

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Соңғы деректер бойынша қаза тапқандар саны 15 адамға жетті, 50 адам ауруханада жатыр, соның ішінде 19 бала бар

НҰР-СҰЛТАН, 27 желтоқсан – Sputnik. «Bek Air» әуе компаниясы Алматы маңында құлаған ұшақ апатынан қаза болғандардың жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Bek Air» әуе компаниясы ұшақ құлағаннан кейін 4,5 сағаттан соң ғана алғашқы түсініктемесін берді.

Әуе компаниясы апаттан қаза болғандардың жақындарына көңіл айтты.

«Қазір біз оқиға орнында жұмыс істеп жатқан қызметтерден ресми ақпарат күтіп отырмыз. Анонимді хабарламаларға назар аудармауды сұраймыз, себебі олар алаяқтардың ісі болуы мүмкін. Ресми ақпарат күтуді өтінеміз», – делінген фейсбукте жарияланған хабарламада.

Ұшақ апаты

Бүгін таңғы жетіде Алматы әуежайынан  Нұр-Сұлтанға ұшып шыққан Fokker 100 ұшағы көп ұзамай радардан жоғалып кетті. Ұшақ Талғар ауданындағы елді мекенге құлаған. Лайнер «Бек Эйр» әуе компаниясына тиесілі.

Тағы оқыңыз: Алматыдағы ұшақ апатынан генералдар кеңесінің төрағасы қаза тапты

Ұшақ бетон қоршауын бұзып, екі қабатты ғимаратқа соғылған. Апаттан кейін Fokker 100 типтегі ұшақтарды пайдалануға уақытша тыйым салынды.

Қаза тапқандар саны

Соңғы деректерге сүйенсек, қаза тапқандар саны 15 адамға жетті, 50 адам ауруханада жатыр. Алты адам ауыр хәлде, тағы алты адамның хәлі өте нашар. Балалар ауруханасына 19 бала жеткізілді. Зардап шеккен бірнеше адамға ота жасау керек.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз