Бейжіңде университет зертханасында жарылыс болды

0
26 Желтоқсан 2018, 10:25 120 0

Астана, BAQ.KZ. Жарылыс Бейжің көлік университетінің зертханасында тәжірибе жұмысы кезінде орын алған. Зардап шеккендер жайында әзірге ақпарат тарамады, деп жазды РИА Новости.

Жарылыстың болғандығы туралы хабар өрт сөндіру бөліміне таңғы сағат 9.34 шамасында түскен.

Жарылыс кампустың шығыс бөлігінде болған, ол жерде білім алушылар зертхананың бірінде тәжірибе жұмыстарын жүргізіп жатқан көрінеді.

Әлеуметтік желіде тараған фотосуреттерде ғимараттан қалың түтін шығып жатқаны байқалады. Қазір өрт сөндірушілер от жалынын басуға күш салуда.














Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:

Дереккөз: BAQ.KZ