Бейтаныс қызға өз бүйрегін сыйлаған Оралдық жігітке  қазақстандық кәсіпкерлер көмектесті — Қазақстан жаңалықтары

0

Орал қаласының кәсіпкері бейтаныс қызға өз бүйрегін берген Абзал Әділовке ақшалай көмектесіп отыр. Сондай-ақ ақшалай қаражатты бұл жағдайға бей-жай қарамаған барлық қазақстандықтар аударды, деп хабарлайды «Мой город».

Бейтаныс қызға өз бүйрегін сыйлаған жігіт

Абзал Әділовтың айтуынша, ем-домы үшін ақша керек екендігі туралы мақала шыққаннан кейін, оны Орал қаласының әкімдігіне шақырған.

— Мен әкім Мұрат Мұқаевтың қабылдауына болдым. Олар маған көмектесуге шақырған екен. Ол жерде Оралдан келген бизнесмен маған Самарада тексеру және емдеу үшін қажетті ақша беруге уәде берді. Ол өз уәдесінде тұрды. Ақша менің қолымда, — деп ризашылығын білдірді  Абзал Әділов.

Сонымен қатар, жігіт ақшаны шотқа аударған барлық қазақстандықтарға алғысын білдіреді.

— Маған бизнесмен қажетті ақшамды берді және Қазақстан тұрғындарынан да  карточкаға ақша түсіп жатыр.  Онда жүз мың теңгеден сәл артық ақша бар. Мен сіздердің алдарыңызда адал боламын,  егер ақша дәрі -дәрмектен артылып жатса, онда ипотеканы екі ай ішінде жаба аламын, — деп қуанышпен бөлісті Абзал.

«Мен қиын сәтте көмектесуге дайын халқымыз соншалықты мейірімді болғанына шын жүректен қуаныштымын. Маған көмектескендерге үлкен алғысымды білдіргім келеді»,-деп қуанышын жасыра алмады. 

Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылдың қазан айында Абзал Әділов Шымкенттен келген Жамилә Байсеріковаға бүйрегін берді. Қызға шұғыл бүйрек ауыстыру операциясы қажет болғанда Абзал ерікті түрде донор болды. Абзалдың айтуынша, ол туралы мақала шыққаннан кейін оны қала әкімдігіне шақырып, күзетші жұмысын ұсынды. Осы жылдың шілде айында Абзал Әділов Шымкенттік ару Әйгерімге үйленген еді. Төрт ай бұрын, Абзал қайта ауырып, Самарада емделу  үшін ақша көпшіліктен көмек сұраған болатын.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз

stan.kz