​Бейтаныс қызға бір бүйрегін берген оралдық жігіт кішкентайлы болды

0

​Бейтаныс қызға бір бүйрегін берген оралдық жігіт кішкентайлы болды

Оралдың тұрғыны Абзал Әділов есімді жігіт бірнеше жыл бұрын шымкенттік бойжеткенге бір бүйрегін берген еді. Ал биыл шаңырақ көтерген ол бірнеше күн бұрын кішкентайлы болған. Бұл жаңалықты продюсер Алпамыс Шаримов жеткізді.

 
 
«Сүйінші! Бүйрегін бейтаныс жанға берген Абзал есімді оралдық ержүрек батыр жігіт туралы естіп пе едіңіз?! «Жан жылуы» бағдарламасын көріп отырып, Шымкентте тұратын қызға шұғыл түрде бір бүйрегін берген Абзал сол өңірдің Айгерім есімді аруымен танысып Оралға биыл келін етіп түсіріп еді!.. «Ең қымбат қалың мал» төлеген досымыз бүгін әке атанды! Шаңырағына алпамсадай бір батыр дүниеге келді! Құтты болсын! Қатты қуаныштымын!»-деп жазған желідегі парақшасында.
 
Дереккөз: Reactor

Дереккөз: http://reactor.inform.kz