Бейсенбі күні республикалық ата-аналар жиналысы өтеді

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

1 сәуірде бүкіл оқушы сынама сабаққа қатысады, ал 3 сәуірде елімізде сынып сағаттары өтеді. Ол жерде балаларға қажетті ақпарат беріледі

НҰР-СҰЛТАН, 31 наурыз – Sputnik. Бейсенбі, 2 сәуірде республикалық ата-аналар жиналысы өтеді. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Бейсенбі күні республика бойынша ата-аналар жиналысы өтеді. Онда біз ата-аналарға қашықтан оқыту жүйесіне қалай қосылу керек екенін және ол қалай жүргізілетінін түсіндіреміз», — деді Аймағамбетов онлайн брифингте.

3 сәуір, жұма күні елімізде сынып сағаттары өтеді. Ол жерде де балаларға қажетті ақпарат беріледі.

Ал ертең, 1 сәуірде бүкіл оқушы үшін сынама сабақ өткізіледі.

Оқи отырыңыз: Министр 300 мың оқушыны компьютермен қалай қамтамасыз ететінін айтты 

Министрдің айтуынша, бұл үш шараның мақсаты – 6 сәуірде басталатын қашықтан оқыту форматына дайындық.



sputniknews.kz