Бейсен Құранбекпен қоштасу рәсімі өтті — Қазақстан жаңалықтары

0

Халық танымал тележүргізуші Бейсен Құранбекті соңғы сапарға шығарып салды. Қоштасу рәсімі Талдықорғандағы журналистер үйінде өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бейсен Абайұлын соңғы сапарға шығарып салу үшін келгендердің қарасы көп болды. 

Танымал журналист Нұртілеу Иманғали «Бейсентану» ғылымын қалыптастыруды ұсынып, өзінің естеліктерімен бөлісті. Осылайша қазақ журналистикасын жаңа деңгейге көтеруге болады деп санайды. Журналистің айтуынша, Бейсен Құранбектің өмірлік көзқарастары мен ұстанымдары да — жастар үшін үлгі.

«2004 жылы президенттің жанында бірге жұмыс істедік. Сол кезде мен Бейсеннің еңбекқорлығына тәнті болатынмын. Ол әжесін Астанаға алып келді. Бірақ үлкен кісі елорданы ұнатпағаннан кейін ол шығармашылығын тастап, үйіне қайтты. Сол кезде «Бейсеке, сіздің болашағыңыз керемет, сізді президенттің өзі жақсы таниды, елордада қалсаңызшы»,дегенімде, келіспеді. «Апам өмір бақи жанымда болмайды. Ал жұмыс табылады», деді. Бейсеннің даналығына мен әркез таңқалатынмын. Жаның жәннәтта болсын, досым», — деді журналист Александр Аксютиц.

Бейсен Абайұлы 49 жасында дүниеден озды. Марқұм Талдықорғанға қарасты Еркін ауылында жерленеді.

stan.kz