Бейбіт Қорған “некесіз баласына” қатысты ДНҚ нәтижесімен бөлісті

0

Әнші Бейбіт Қорған «некесіз баласы» туралы дауға қатысты өз ойын айтты. Өнер иесі «Сырласу» бағдарламасында қонақ болып, істің мән-жайын баяндап берді. 

Бұған дейін атыраулық Нұргүл Зиханова 4 жасар баласының әкесі әнші деп мәлімдеген. Бейбіт Қорған бұл мәселеге күмәнмен қарап, ДНҚ тестін мемлекеттік зертханада тапсырғанын және нәтижесі теріс болғанын айтты. Егер бала өзінікі болса, қамқорлық жасар еді, бірақ олай болмай шыққан. Ол осы жағдайдан кейін кейбір достарының теріс айналғанын және бұл өсек-аяңның жақын адамдарынан шыққан болуы мүмкін екенін де атап өтті. Бұл оқиға оның балаларына да әсер еткен, бірақ әнші олармен ашық сөйлесіп, жағдайды түсіндіргенін айтты.

фото: ашықдереккөз