Бейбіт Исабаев: Білім беру мекемелерінде сұранысқа ие мамандарды дайындау — біздің басты міндетіміз
Ескелді ауданындағы Көксу ауылшаруашылық колледжі кәсіби техниктер, электриктер, технологтар, механиктер, Қант өндірісінің операторлары және басқа да мамандарды дайындайды. Оқу орны Облыстың 20-ға жуық кәсіпорнымен ынтымақтасады. Соның арқасында өткен жылдың қорытындысы бойынша студенттердің жұмысқа орналасу пайызы 87% — ды құрады.
— Колледж басшылығы, педагогикалық құрам өз жұмысының басты мақсаттарының бірі студенттерін жұмысқа орналастыру деп санайтыны қуантады. Егер колледжді бітіргеннен кейін түлектердің 90 пайызы тұрақты жұмысқа орналасса, бұл өте маңызды нәтиже!
Бұл ретте білім беру мекемелеріне еңбек нарығындағы сұранысқа тез бейімделу, қысқа мерзімді курстар ашу және сұранысқа ие мамандықтарға оқыту, сол арқылы жұмысқа орналастыру пайызын арттыру өте маңызды. Біз өз тарапымыздан қажетті қолдау көрсетеміз», — деп атап өтті Ескелді ауданында болған Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев.
Ақпарат: Жетісу облысының әкімдігінің фейсбук парақшасынан
Фото: ortcom.kz