Бейбіт Атамқұлов жаңа қызметке келді

0

Бейбіт Атамқұлов жаңа қызметке келді, — деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

«Бейбіт Атамқұлов Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды», — делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Алтай Әбибуллаев Қазақстан Республикасының Босния және Герцеговинадағы, Черногориядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.