Бейбіт Атамқұлов жаңа қызметке келді

Бейбіт Атамқұлов жаңа қызметке келді, — деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
«Бейбіт Атамқұлов Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды», — делінген хабарламада.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Алтай Әбибуллаев Қазақстан Республикасының Босния және Герцеговинадағы, Черногориядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.