Бейбіт Атамқұлов пен Сергей Лавров телефон арқылы сөйлесті — Ел жаңалықтары

Қазақстан мен Ресей Сыртқы істер министрлері Бейбіт Атамқұлов пен Сергей Лавров телефон арқылы сөйлесті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстанның СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Министрлер екіжақты форматтағы және көпжақты құрылымдар шеңберіндегі ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Сұхбаттастар Қазақстан-Ресей арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайтуға бағытталған екі елдің президенттері Нұрсұлтан Назарбаев және Владимир Путин өткізіп жатқан бағдарын іске асырудағы бірлескен жұмысын жалғастыруға дайындығын білдірді.
Сұхбат барысында Қазақстан-Ресей өзара әрекеттесудің бірқатар өзекті тақырыптары мен алдағы кездесулердің кестесі талқыланды.
Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz